Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының м.а. 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 58-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3158 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы, N 9-13, 39-құжат);
      2) "Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының м.а. 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3152 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 9-13, 40-құжат).
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әділет министрі                              Р. Түсіпбеков