Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 325, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылаудың кейбір мәселелері" (2004 жылғы 31 қаңтардағы N 5 (162) "Ресми газетте" жариялаған, мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 2471 нормативтік құқықтық актілерді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 1 тамыздағы N 325, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Салық комитеті (Д. Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мәлім етілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Д. Е. Ерғожинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Б. Жәмішев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.