Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 517-Ө «Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органның хабарлау ережесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 517-Ө «Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауарларға (жұмыстарға  көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органның хабарлау ережесін бекіту туралы» бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5101 тіркелген 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Заң газеті» газетінде жарияланған) күш жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.Қ.Наметчаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Л.Ә.Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                             Қ. Есекеев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.