Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2010 жылғы 20 шілдедегі
№ 209 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізілімі

      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы Орталығында жүргізілетін сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік дәрежесін бекітетін сарапшылық мамандықтары түрлерінің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 861 болып тіркелген);
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1567 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2001 ж., № 27, 448-құжат жарияланған);
      3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот-сараптамалық психиатриялық зерттеу жүргізуін тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 26 наурыздағы № 75 бұйрығы;
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сараптамалар түрлерінің, біліктілігін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі беретін сараптамалық мамандықтардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4100 болып тіркелген);
      5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік дәрежесін бекітетін сарапшылық мамандықтары түрлерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4107 болып тіркелген).

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.