Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарың күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау жасау, жөндеу және пайдалану ережесі мен Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 334 бұйрығы;
      2) «Техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау жасау, жөндеу және пайдалану ережесі мен Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5346 тіркелген). Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 22 қыркүйекте № 441 бұйрығы.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль және су көлігі департаменті (Б. Жансүгіров) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                    А.Бектұров

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.