Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңы іске асыру мақсатында және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін және пайдалану режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2007 ж. қазан, № 10, 286 бет);
      2) «Фильмнің индексін айқындаудың критерийлерін бекіту» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м.а. 2010 жылғы 5 қазандағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6612 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) және «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 (26392) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті осы бұйрық күшіне енгізілгеннен кейін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен ресми баспа басылымына бұйрықтың көшірмесін жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Министр                                    М. Құл-Мұхаммед

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.