Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2001 жылғы 27 шілдеде № 1589 тіркелген, орталық атқару және басқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетеніне 2001 жылы жарияланған, № 31, 491 бап);
      2) «Республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы № 111 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2003 жылғы 1 тамыздағы № 249 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімі 2003 жылы 23 қазанда № 2539 тіркелген);
      3) «Республикалык мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2001 жылға 15 мамырдағы № 111 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімі 2004 жылы 26 қаңтарда № 2681 тіркелген);
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне (Э.К. Өтепов);
      1) Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін осы бұйрықтың көшірмесін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) Осы бұйрықтың ресми жариялауын жүзеге асырсын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Б.Жәмішев