Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Компьютер жүйелерін бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізуге қорытынды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 330 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Компьютер жүйелерін бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізуге қорытынды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 330 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 тіркелген, 2009 жылғы 7 тамыздағы № 119 «Юридическая газета» және «Заң газеті» газеттерінде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.