Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

«Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 203 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 203 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 15 мамырда № 4674 тіркелді, «Юридическая газета» 2007 жылғы 3 тамызда № 118(1321) газетінде жарияланды, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдары актілерінің жинағы 2007 ж., мамыр-маусым) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                             Ә. Исекешев 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.