Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін есепке алудың, сақтаудың және берудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 248 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

        "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін есепке алудың, сақтаудың және берудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 248 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 сәуірде № 1458 болып  тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                        Қ.Қасымов