«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті (Ә.Қ. Мақанова):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С.Әбденов
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 126-ө-м бұйрығына қосымша
1) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2940 болып тіркелген);
2) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлеріне қойылатын Біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 154-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2974 болып тіркелген);
3) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 8-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5102 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері 2008 жылғы 28 маусымдағы № 5 жинағында жарияланған);
4) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 242-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6360 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері 2011 жылғы № 1 жинағында және 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94-97 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
5) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 312-ө бұйрығына қосымшаның 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қарашадағы № 292 «Казахстанская правда» және 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 9-10 «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).