Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 252-ө және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 435 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 252-ө және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 435 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6600 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2010 жылғы 27 қарашадағы № 323-324 (26384-26385); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 515-516 (26359) және 7 желтоқсандағы № 520-521 (26364) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын, оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және МОИП орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау         Көлік және коммуникация министрі
           министрі                          министрі
      _______________ Н. Қаппаров      _______________А. Жұмағалиев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.