Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Телекоммуникация жергілікті желілерінің телеграф байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Pecпубликасы Көлік және коммуникация министрінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 81 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Телекоммуникация жергілікті желілерінің, телеграф байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 81 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 461 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департамент! Ш.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация     Экономика және бюджеттік
      министрі                    жоспарлау министрі
      __________ А.Жұмағұлов      ___________ Е.Досаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.