Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40, 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен бұйрығының" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7142 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қазанда № 319 (26710) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н. Выборов):
      1) бір апталық мерзімде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі               Өңірлік даму министрі

      ______________Қ. Қасымов          _______________Б. Жәмішев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.