Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығының күшін жою туралы"

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығының күші жойылсын (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізбесінде № 8333 санымен тіркелген және 2013 жылғы 17 сәуірдегі «Казахстанская правда» газетінің № 134-135 (27408-27409): 2013 жылғы 17 сәуірдегі «Егемен Қазақстан газеті» газетінің № 108 (28047) басылымында жарияланған.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                      Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі
      __________________ Ж. Қасымбек
      2014 жылғы 24 сәуір