Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
     1. "Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  жарияланған күннен күшiне енгiзiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
     - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қалыпты құжаттарын осы Заңға сәйкестендiретiн болсын;
     - ведомстволық қалыпты құжаттардың осы Заңға сәйкестендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.

       Қазақстан Республикасы
       Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы