Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Уақытша ұстау изоляторларында қамауда ұсталатын сезіктілер мен айыпталушылар арасында туберкулезді анықтау және оларды айдап алып жүру жөніндегі тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 30 сәуірдегі № 439 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Уақытша ұстау изоляторларында қамауда ұсталатын сезіктілер мен айыпталушылар арасында туберкулезді анықтау және оларды айдап алып жүру жөніндегі тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 30 сәуірдегі № 439 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 12 маусымда № 1877 болып тіркелген және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2002 жылы № 33, 669-құжат болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.