Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Көшіп-келушілердің паспорттарын тексеру, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Көшіп-келушілердің паспорттарын тексеру, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 маусымда № 7698 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 1 тамыздағы № 442-449 (27523) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С. В. Пономарев) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                Cыртқы істер министрі
      Қ. Қасымов _______________         T. Ыдырысов _______________

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.