Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 3 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 3 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9709 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (28472) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                  В. Школьник

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.