Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5493 тіркелген, 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) Заң газетінде жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 2 маусымдағы № 266 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6316 тіркелген, 2010 жылғы № 16 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Б. Сұлтанов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.