Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11733 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С.М. Ахметов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Сұлтанов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.