Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағаларда:

      реттік нөмірі 1710-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1710

Морфинсульфаты VIC

Морфин

Таблеткалар, 10 мг, №50

N02AA01

ҚР-ДЗ-5№023133

таблетка

115,25

  ";

      реттік нөмірі 1869-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1869

Окситоцин

Окситоцин

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл, 1 мл, №10

H01BB02

ҚР-ДЗ-5№ 022533

ампула

188,17

  ";

      реттік нөмірі 2198-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2198

Реланиум

Диазепам

Бұлшықет ішіне және вена ішіне инъекцияға арналған ерітінді, 5 мг/мл, 2 мл, №5

N05BA01

ҚР-ДЗ-5№014355

ампула

221,84

  ";

      реттік нөмірі 2536-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2536

Тахокомб®

Деректер жоқ

Гемостатикалық сіңіргіш зат, №2

B02BC30

ҚР-ДЗ-5№010582

кеуек

74 046,39

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Е. Нұрлыбаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.