Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Азаматтық әуе кемелеріне арналған қуаты 1100 кВт-дан аспайтын турбовинтті қозғалтқыштарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 21 000 1 қодымен жіктелетін азаматтық әуе кемелеріне арналған қуаты 1100 кВт-дан аспайтын турбовинтті қозғалтқыштарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.