Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызумен, бөлумен, аударумен және қайтарумен байланысты ақпарат алмасу туралы ереженің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымшаға қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 240 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызумен, бөлумен, аударумен және қайтарумен байланысты ақпарат алмасу туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 3-тармағы "Астана қаласының уақыты," деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасы үшін – Бішкек қаласының уақыты," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін Қырғыз Республикасы қолдана бастаған айдан кейінгі екінші айдың 1-ші күнінен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң ғана күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.