Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Кремнийге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы


      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2804 61 000 0 және 2804 69 000 0 кодтарымен сыныпталатын кремнийге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта кеден құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 8С ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "8С) Кеден құнының 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 20 шешімі күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта қолданылады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов



  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.