Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кейбір тропиктік түрдегі сүректен жасалған ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4408 39 850 кодымен сыныпталатын, кейбір тропиктік түрдегі сүректен жасалған ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі 2016 жылғы 1 маусымнан бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 мамырға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 13С ескертпедегі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) "қоса алғанда 31.05.2016 дейінгі аралықта" деген сөздер "қоса алғанда 31.05.2019 дейінгі аралықта" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.О.Никишина осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін және қажет болған кезінде осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген кедендік әкелу бажы мөлшерлемесінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы отырысының қарауына енгізсін.

      4. Осы Шешім 2016 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т.Саркисян