Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің № 2 қосымшасының 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың № 1 қосымшасының ІІ бөліміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне бұршақ көкөністері және жемдік қоспалар секілді тауарлармен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 67 шешіміне
ҚОСЫМША

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың № 1 қосымшасының ІІ бөліміне енгізілетін  ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 39-позицияда 6-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсат беруде және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарды айналымға шығаратын кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы көрсетілуі тиіс".

      2. 46-позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"461

0708,
0713

Жануарлардың жеміне пайдаланылатын бұршақ көкөністері5

ветеринариялық сертификат

иә

тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсат беруде және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарды айналымға шығаратын кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы көрсетілуі тиіс".

      3. 68-позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"681

1518 00,
2102,
2309,
2936,
3002,
3203 00,
3302,
3504 00,
3507,
3808,
3824

Жемдік қоспалар

жануардан алынатын компоненттерді қамтитын тауарларға және ветеринариялық мақсаттарға, соның ішінде жануарлар үшін жемдерде пайдаланылатын тауарларға арналған ветеринариялық сертификат
 

иә

тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсат беруде және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарды айналымға шығаратын кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы көрсетілуі тиіс".

      4. 94-позицияда 6-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсат беруде және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарды айналымға шығаратын кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы көрсетілуі тиіс".

      5. 95-позицияда 4-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "жануардан алынатын компоненттерді қамтитын тауарларға және ветеринариялық мақсаттарға, соның ішінде жануарлар үшін жемдерде пайдаланылатын тауарларға арналған ветеринариялық сертификат".

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.