Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына 8-ескертпеге өзгеріс енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 8-ескертпенің екінші абзацындағы "Ярактинское мұнай-газ конденсаты кен орны" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы Шешім 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян