Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу, бөлу, аудару және қайтаруға байланысты ақпаратты алмасу туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 240 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу, бөлу, аудару және қайтаруға байланысты ақпаратты алмасу туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 4-тармақта "басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      б) 5-тармақта "3 және 4-тармақшаларына" деген сөздер "3-тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян