Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің бедерлеуге арналған фольгаға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 кодымен сыныпталатын бедерлеуге арналған фольгаға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позиция ескертпеге "54С" деген сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 54С ескертпесімен толықтырылсын:

      "54С Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.09.2017 бастап қоса алғанда 31.08.2019 ж. дейінгі аралықта дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарын оларға қатысты қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесінде:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

      "3212 10 000 0 – бедерлеуге арналған фольга 0 0 0** 2** 4** БКТ ставкасы";

      б) екінші сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "**Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта қолданылады.".

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.