Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне кедендік құжаттардың құрылымдары мен форматтарына қатысты өзгерістер енгізу туралы

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 2 және 5-тармақтарына және 112-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы "Тауарларға арналған декларацияның және транзиттік декларацияның құрылымы мен форматы туралы" № 2 шешімінің 2 және 3-тармақтарындағы, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы "Тауарларға арналған декларацияны түзетудің құрылымы мен форматы туралы" № 3 шешімінің 2 және 3-тармақтарындағы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы "Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматы туралы" № 4 шешімінің 2 және 3-тармақтарындағы "2018 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер "2019 жылғы 1 ақпаннан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян