Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қабығы бар кешью жаңғақтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 31 000 0 кодымен сыныпталатын қабығы бар кешью жаңғақтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2018 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 31 000 0 коды бар позициясының төртінші бағаны "21С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 21С ескертпесімен толықтырылсын:

      "21С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2018 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта қолданылады деп белгіленсін.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.