Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфаттарына және ұнтақталған фосфат борына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы ставкаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 94 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 кодымен сыныпталатын табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфоттарына және ұнтақталған фосфот борына қатысты кедендік құнының 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы ставкасының қолданылу мерзімі қоса алғанда 2021 жылғы 4 қаңтарға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 4С ескертудегі "қоса алғанда 2019 жылғы 4 қаңтарға дейін" деген сөздер "қоса алғанда 2021 жылғы 4 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 5 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.