Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 168-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімінің атауындағы "кейбір" деген сөз "жекелеген" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы "Кедендік рәсімдерді қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 203 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) кіріспе "4-тармағына," деген сөздерден кейін "168-бабының 3-тармағына," деген сөздермен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 11--тармақпен толықтырылсын:

      "11. Азаматтық авиақұрылыс және кеме жасау өнімдері (әуе кемелері, су кемелері), әскери мақсаттағы өнімдер және машина-техникалық өнімдер болып табылатын, оларды не олардың бөліктерін дайындаудың немесе жөндеудің өндірістік процесінің ұзақтығы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 168-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен асып кететін тауарларды, сондай-ақ оларды дайындауға, жөндеуге және (немесе) жаңғыртуға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімі 5 жылдан аспайтын болып белгіленсін.".

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік рәсімдерді қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 375 шешімінің 1-тармағының 3-тармақшасы;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 267 шешімі;

      Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының "а" тармақшасының екінші абзацы және "г" тармақшасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 147 шешіміне қосымша).

      4. Осы Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян