Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Какао өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 99 шешімімен белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтарымен сыныпталатын майсызданбаған какао-пастаға және какао-майына, какао-майға қатысты кедендік құнның 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімі қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтары бар позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "1С)" сілтеме "59С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 59С ескертпесімен толықтырылсын:

      "59С) Кедендік құнының 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2020 бастап қоса алғанда 31.12.2022 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.