Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Бедерлеуге арналған фольгаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы ставкасын белгілеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 кодымен сыныпталатын, бедерлеуге арналған фольгаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "10С)" сілтеме "68С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 68С ескертпемен толықтырылсын:

      "68С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшерінде 01.09.2019 бастап қоса алғанда 31.08.2022 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің өтпелі кезең ішінде оларға қатысты Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшелікті кедендік әкелу бажының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесіне өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.