Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1-қосымшаның 31-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 48-позициямен толықтырылсын:

"48. Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы
(КО ТР 008/2011)
(техникалық регламентті қолдану практикасының нәтижелері бойынша оның жекелеген талаптарын нақтылау бөлігіндегі № 3 өзгерістер)

Беларусь Республикасы

мүше мемлекеттер

2022 жылғы
IV тоқсан

29".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук