Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және оны салу тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 11-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 64-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесінің және салу тәртібінің 12-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген мерзімдерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 30-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген негіз бойынша істі қарау тоқтатыла тұрған мерзім кірмейді.".

      2. Осы Шешімде көзделген өзгеріс Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 30-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешім күшіне енген шараларды енгізу кезінде ерте дегенде осы Шешім күшіне енген күннен кейін қолданылады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

А. Новиков

А. Оверчук


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.