Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "агрохимикаттар" - өсімдіктерді қоректендіру және топырақтың құнарлылығын реттеу үшін арналған тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар;";

      15.1-қосымшасының 160-позициясында "өнімдегі БЖД (мг/кг)" графасында "ананас, құлпынай" деген сөздер "құлпынай" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.