Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" шешімінің 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3.5-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.5. Техникалық регламенттің 46 және 47-тармақтарында көзделген жоспарлы бақылауды жүргізу мерзімі 2022 жылы басталған жағдайда, өтініш берушінің өтініші бойынша сертификаттау жөніндегі орган сертификатталған өнімді өндірудің технологиялық процесінің және өнімге арналған техникалық құжаттаманың өзгермейтіндігі расталған кезде мұндай бақылауды жүргізуді 12 айға дейін мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік
10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.