Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 266-бабының 2 және 3-тармақтарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 12914 және 12915-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 1 қосымшаның 2 – 4-тармақтарының және № 2 қосымшаның 1-кестесінің 2 – 4-тармақтарының мәтіні бойынша "2022 жылғы 1 қазанды" деген сөздер "2023 жылғы 1 сәуірді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук