Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Бедерлеуге арналған фольгаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45 баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 кодымен жіктелетін бедерлеуге арналған фольгаға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "12С)" сілтеме "76С)"сілтемесімен ауыстырылсын;

      б)  Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:

      12С ескертпесінің күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 76С ескертпемен толықтырылсын:

      "76С)  Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 13 Шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.03.2026 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.