Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Титанның қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің 18-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 1-қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1.  2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 кодымен жіктелетін титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік баждың мөлшерлемесі 2024 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда дейінгі кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2.  2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "7С)" сілтемесі "89С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 89С ескертпемен толықтырылсын:

      "89С) Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік құннан 01.04.2024 бастап 28.02.2026 дейін қоса алғанда қолданылады".

      3.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев