Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 58 бабының 2 тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентінің № 2 қосымшаның 22 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 54 Шешіміне ҚОСЫМША |
1. II бөлімнің мәтіні бойынша "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында" деген сөздер "Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 461-позицияда 3-бағанда "6" деген ескерту белгісі "5"деген мілтеме белгісімен ауыстырылсын.
3. 4-бағандағы 68-позиция "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін ", Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 4 және 5-ескертпелердегі "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін" деген сөздер "Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 6-ескерту алынып тасталсын.
6. 7-ескертпеде "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы үшін" деген сөздер "Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.