Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Уран өнiмiн экспорттаудан валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне сату жөнiндегi ставканың мөлшерiн өзгерту туралы

      Металлургия және тұтыну нарығын молықтыру жөнiндегi ұлттық бағдарламалардың жобаларына енгiзiлген уран өнеркәсiбiнiң конверсияланатын кәсiпорындарында жаңа қуаттарды тез арада құрудың маңыздылығын ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 
      1. Экспорттаушы кәсiпорындарда қалатын уран өнiмiн экспорттаудан валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн кедендiк баж салығын төлегеннен кейiн мынадай мөлшерде мiндеттi түрде сату белгiленсiн:
      - сомның белгiленген бағамы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне - 40 процентi;
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес өкiлеттi банкiлер арқылы iшкi валюталық нарықта - 10 процентi.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылдаған шешiмi осы қаулыға сәйкес келтiрiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi