Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Шаруашылықтардың өсiмдiк қорғау құралдарын импорт бойынша сатып алуына жағдай жасау туралы

      Республикаға өсiмдiк қорғау құралдарының 1994 жылы және одан кейiнгi жылдары орталықтандырылған импорттық берiлуiн тұрақты түрде қамтамасыз ету және олар үшiн шет ел фирмаларымен астықты экспорттау есебiнен есеп айырысу мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының астықты кейiннен сатудан алынатын түсiм есебiнен консигнациялық негiзде төлем жасай отырып Қазақстанға өсiмдiк қорғау құралдарын беру жөнiнде шет ел фирмаларымен жасасқан уағдаластықтары мақұлдансын.
      2. "Астық" және "Құнарлық" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары өсiмдiк қорғау құралдарын сатып алу жөнiндегi консигнация шарттарын орындау тәртiбiмен совхоздар, колхоздар, басқа шаруашылықтар мен астық қабылдау кәсiпорындарының арасында аталған өсiмдiк қорғау құралдарына шаруашылықтар өтiнiм берген құнға тең көлемде экспорттық шепке жеткiзiлген астық сатуға шарттар жасауды ұйымдастырсын.
      3. Тұтынушылардың алынатын өсiмдiк қорғау құралдарын әлемдiк бағамен сатып алатынын ескере отырып және олардың құнының, осы мақсаттар үшiн сатылатын астықтың балансының өзгеруiне жол бермеу мақсатында, ерекше жағдай ретiнде, "Қазақэспортастық" мемлекеттiк- акционерлiк қоғамы осындай астықты сатудан алынған валюталық түсiмдi мiндеттi түрде 50 процентке сатудан, сондай-ақ оған экспорттық кедендiк салық төлеуден босатылсын. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 ж. 25 сәуiр N 1681
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.