Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Әлеуметтiк саланың жекелеген тарамдарының қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шаралар туралы

      Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және өнер қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Бюджеттегi денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, мәдениет пен өнер мекемелерi қызметкерлерiнiң төленiп жүрген айлық еңбек ақысының мөлшерi 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң жүзiнде белгiленген ең төменгi еңбек ақының бiр есе көлемiнде өсiрiлсiн, еңбек ақыны бұл көтеруге аудандық, биiк таулы, шөлдi, сусыз жерлерде тұратындарға арналған және экологиялық коэффициенттер қолданылсын. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы мақсатқа жұмсалатын шығысты қаржыландыру үшiн 1995 жылға арналған бюджетте қажеттi қаражат көздейтiн болсын. 3. Осы қаулы Бiрыңғай тарифтiк кесте қайта қаралғанға дейiн күшiнде болады. Қазақстан Республикасының Президентi