Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын Z952200_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс жасасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар осы Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы өкiмет органдары мен облыстары әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң осы жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқауларын қайта қарау мен алып тастауды қамтамасыз етсiн.
      лицензияланған кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай-ақ (жеке кәсiпкерлiк) жүзеге асырушы азаматтарды қызметтiң тиiстi түрiн лицензиялайтын мемлекеттiк органдарда қайта тiркеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.