Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлығын U952255_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының Заң актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар бар Жарлығына сәйкес келтiру Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс берсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрiлсiн; Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарын және мемлекеттiк комитеттерiнiң аталған Жарлыққа қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi