Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында:

      1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін.

      2. Алып тасталды – ҚР Президентінің 20.04.2021 № 185 өкімімен.
      3. Алып тасталды – ҚР Президентінің 20.04.2021 № 185 өкімімен.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін;

      2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 250 өкімімен бекітілген

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алып тасталды – ҚР Президентінің 20.04.2021 № 185 өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 250 өкімімен бекітілген

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын
беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы

      Ескерту. Құрам алып тасталды – ҚР Президентінің 20.04.2021 № 185 өкімімен.